«Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 656 бұйрығы

 «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 656 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және 208-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесінде:

жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

міндетін атқарушының

2025 жылғы 31 қазандағы

№ 661 бұйрығына қосымша»;

көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.